"Астананың" Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ uefa.com

Жеребе тастау рәсімі Швейцарияның Ньон қаласында өтті. Екшелген командалар құрамында болған "Астанаға" латвиялық ұжым қарсылас атанды. Бірінші ойын - "Астана Аренада", қарымта кездесу араға бір апта сала Юрмалада өтеді.

"Астана" Чемпиондар лигасына үшінші жыл қатарынан қатысып отыр. 2015/2016 жылғы маусымда кәрі құрлықтың басты додасы саналатын жарыстың топтық кезеңінде ойнады. Өткен жылы үшінші іріктеу кезеңіне дейін жетіп, Шотландияның "Селтик" командасына жол беріп алған-ды. Дегенмен Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнаған еді. 

Елордалық команда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған тұңғыш қазақстандық команда. Биыл да топтық кезеңге шығуды мақсат тұтып отыр. 

Латвияның "Спартак Юрмала" командасы 2007 жылы құрылған. 2012 жылдан бастап елдің Жоғарғы лигасында ойнап келеді. Өткен жылы алғаш рет чемпиондық атаққа қол жеткізген команда. Клубты поляк бапкері Марек Зуб жаттықтырады. 

Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінің бірінші ойындары 11/12 шілде, қарымта ойыны 18/19 шілдеде өтеді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама