«Астанаға» Красножан келе жатыр

О Сансызбай Корреспондент

Екі тарап келісімге келіп жатса, клуб бапкермен біржылдық келісімшартқа қол қоюға әзір көрінеді. Одан кейін «Астана» ұжымы соңғы оқу-жаттығуы жиындары барысы бойынша Түркияға жол тартады.

Юрий Красножан Нальчик қаласының «Спартагын» 11 жыл баптаған маман. Кейіннен «Локомотив», «Анжи» және «Кубань» ойыншыларын да жаттықтырған. Соңғы жаттықтырған ұжымы – «Терек» командасы. Соңғы қызметінен клуб басшылығының көңілін көншітерлік нәтиже шығара алмағанынан кейін босатылған.

Ал «Астана» командасы Мирослав Беранек кеткеннен кейін аға бапкер Григорий Бабаянмен Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктерінде бірнеше оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп қайтты. Сонымен қатар, өзбекстандық бапкер Вадим Абрамовпен келісімшартқа қол да қойған болатын. Кейіннен клуб президентінің ауысуынан кейін, екі апта жұмыс жасаған Вадим де қызметінен кеткен еді.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Астана қаласындағы «Rixos President Astana» қонақүйінде Қазақстан ұлттық құрамасының да бас бапкері таныстырылатын болады. Кім біледі? Бәлкім соңғы кездері «Астана» мен ұлттық құрама бапкері қызметін бір маман атқарып жүргені белгілі. Юрий Красножан ұлттық құраманы баптап қалуы да ғажап емес. Ал кейбір отандық спорт сайттары бұл қызметке белгілі неміс маманы Лотар Маттеус келеді деп дабыл қағуда. Енді жаңа бапкердің есімін санаулы сағаттардан кейін білетін боламыз.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: chechensport.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама