«Астанадан» тоғыз футболшы Қазақстан құрамасына шақырту алды

О Сансызбай Корреспондент

Юрий Красножан баптайтын ұлттық құрама 8 мамыр күні Талғарда жиналып, оқу-жаттығу жиындарын бастайтын болады. Ал оған дейін клубтарында өнер көрсетеді. Буркина-Фасоға қарсы шақырған құрамға «Астана» командасынан – 9 ойыншы, «Қайрат», «Ордабасы» және «Тараз» командаларынан 4 ойыншыдан кірген. «Ақтөбеден» - 3, ал «Шахтер», «Оқжетпес» және «Ертіс» командаларынан бір-бір ойыншы шақырту алған.

Ұлттық құрамаға шақырту алған футболшылар:

Қақпашылар: Логиновский Владимир («Астана»), Покатилов Стас («Ақтөбе»), Цирин Антон («Оқжетпес»);

Қорғаушылар: Ахметов Елдос («Астана»), Абдулин Ренат («Ордабасы»), Бейсебеков Абзал («Астана»), Воротников Илья («Тараз»), Гурман Марк («Қайрат»), Қуантаев Ермек («Қайрат»), Логвиненко Юрий («Ақтөбе»), Малый Сергей («Ордабасы»), Сүйімбаев Гафуржан («Ордабасы»), Шомко Дмитрий («Астана»);

Жартылай қорғаушылар: Жолшиев Бауыржан («Астана»), Досмағамбетов Тимур («Тараз»), Жұмаханов Санат («Тараз»), Жуков Георгий («Астана»), Исламхан Бауыржан («Қайрат»), Қонысбаев Ұлан («Астана»), Лунин Станислав («Қайрат»), Мухутдинов Альмир («Тараз»), Мұртазаев Роман («Шахтер»), Нұргалиев Азат («Ордабасы»), Смақов Самат («Ертіс»);

Шабуылшылар: Нөсербаев Таңат («Астана»), Хижниченко Сергей («Ақтөбе»),  Алексей Щеткин («Астана»).

Қазақстан кубогының 1/8 финалы мен премьер-лиганың екі турының ойындары ескеріліп, шақыртылған футболшылар қатарынан жарақат алғандар болса, келесі ойыншылар шақырту алуы мүмкін: қақпашылар -  Сидельников Андрей («Ордабасы»), Эрич Ненад («Астана»), қорғаушы - Мирошниченко Дмитрий («Ақтөбе»), жартылай қорғаушылар - Дарабаев Аслан («Қайрат»), Қожамберді  Жақып («Тараз»), Тағыберген Асхат («Ақтөбе») және шабуылшы - Жаңғылышбай Тоқтар («Астана»).

Қазақстан мен Буркина-Фасо құрамаларының арасындағы жолдастық кездесу 12 мамыр күні Алматының Орталық стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.

Сурет: prosportkz.kz 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама