Астанада «Ұлттар лигасы» жобасы қабылданды

О Сансызбай Корреспондент

Елордада 54 елдің футбол басшылығы қатысып жатқан отырыста мақұлданған жоба 2018 жылы Ресейде өтетін Әлем чемпионатынан кейін бастау алмақ. Төрт жыл да бір өткізіліп тұрады. УЕФА-ның ресми сайты ақпараты бойынша, «Ұлттар лигасы» мен Еуропа чемпионаты тығыз байланыста болады. Яғни, жаңа турнир ұлттық құрамалардың Еуропа чемпионаты ақтық сынына шығуына да мүмкіндік сыйламақ. Қауымдастықтың бас хатшысы Джанни Инфантиноның айтуынша, 2020 жылғы Еуропа чемпионатының 4 жолдамасы осы турнирде таратылмақ. Доданың толық жүйесі болмағанмен, нақты өтуі тиіс ақпараттары бар. Онда УЕФА құрамына енетін 54 елдің ұлттық құрамалары рейтинг көрсеткіштері бойынша үлкен 4 топқа бөлінетін болады. Ал әр топ өзара кіші топтарға бөлінеді. Үздік шыққандары тағы өзара топ құрап, Еуропа чемпионаты жолдамасын сарапқа салатын болады.


Сонымен қатар, Астанадағы конгресте Еуропа футболындағы басқа да маңызды мәселелер қарастырылды. Мәселен, АҚШ-тың және өзге ел өкілдерінің 2018 жылы Әлем чемпионатын Ресейде өткізуге қарсы пікіріне  УЕФА президенті Мишель Платини өз ойын білдірді.

- Саясатта үлкен өзгерістер орын алуда. Ал біз одан алшақпыз. Осындай сұрақтар мені мезі қылды. Саясатты спортпен араластыруға болмайды, – деді.

Айта кетейік, бүгін өткен конгресте қауымдастыққа мүше елдердің жылдық бюджет қоры мен УЕФА Жарғысына өзгертулер енгізу мәселелері де талқыланды.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан ТМД елдері ішінен бірінші болып УЕФА конгресін өткізіп отыр.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: uefa.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама