Астанада тұңғыш рет конькимен жүгіруден әлем чемпионаты өтеді

О Сансызбай Корреспондент

Жарысқа қатысушылар қатарында Олимпиада және әлем чемпиондары да бар. Мәселен, Шани Дэвис, Мишель Мюлдер, Кун Вервей және Сан-Хва Ли сынды саңлақтар да бақ сынайды. Сонымен қатар, Павел Кулижников, Ольга Фаткулина және т.б. жас таланттар жарыс жолына шығады.

Спортшылар спринтерлік көпсайыста (жеңімпаз төрт қашықтықтың нәтижесі (500м х2 + 1000мх2) бойынша анықталады) сынға түседі. Еліміздің намысын үш спортшы қорғайды. Олар: Денис Кузин, Роман Креч және Екатерина Айдова.

Еске сала кетейік, Денис Кузин бір жыл бұрын Наганода (Жапония) өткен әлем чемпионатында 1000 метр қашықтықта алтын және күміс медаль иеленген. Көпсайыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы төртінші орынға табан тіреген еді.

"KazSport" телеарнасы жарыстың екі күнін де тікелей эфирде көрсететін болады.

Сурет: sport.gazeta.kz

Оқи отырыңыз

Қысқы спорт түрлері арықтауға көмектеседі

2015 жылы қысқы спорт түрлерінен өтетін ірі додалар

ХОК бағалау комиссиясы Алматыға ақпан айында келеді

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама