Астанада румын футболшылары тоналып қалды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

Астанада Румыния құрамасының 6 ойыншысының әмиянындағы ақшалары мен жеке заттары ұрланған. Қорғаушы Алин Тошканың 250 евросы, өзге жартылай қорғаушылар Николае Станку, Стелиано Филип, Овидиу Хобан және шабуылшы Богдан Станку мен Эрик Биквалфидің 100 евроға дейінгі көлемде ақшалары ұрланған. Одан өзге планшеттері де қолды болғаны хабарланып отыр. Оқиға барлық ойыншылардың қонақүй дәлізіне шығып, жаттығу жасау кезінде орын алған.

Румын футболшылары «бесжұлдызды» қонақүйде ұрлықтың орын алатынын ойламағанын айтқан. Ал қонақүй басшылығы тексеру жұмыстарын бастап кеткенін айтқан.

Айта кетейік, спортшылардың Қазақстанда тоналуы алғаш рет орын алып отырған жоқ.  2007 жылы Алматының орталық стадионында Бельгия құрамасының қорғаушысы Николас Ломбертстің ішінде 1000 евро көлемінде ақшасы мен жүргізуші куәлігі бар әмиянын ұрлап кеткен болатын.

Қазақстан мен Румыния арасындағы ойын Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. Тікелей эфирде «Қазақстан» ұлттық арнасы көрсетеді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама