Астанада Рио Олимпиадасының 36 жолдамасы сарапқа салынады
Лицензиялық турнир грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша таратылады. 6 салмақ түрі бойынша өтетін жарысқа кіл мықты балуандар қатысатыны анық. Әр салмақ дәрежесі бойынша 2 жолдамадан беріледі. Жарысқа Қазақстан құрамасы да негізгі құраммен қатысады.
Жарысқа тіркеу 18 ақпан күні аяқталады. Қазіргі таңда 25 ел қатысуға өтініш беріп үлгерген. Ал лицензиялық турнир 18-20 наурыз аралығында өтеді.
Айта кетейік, әзірге күрестен Қазақстан құрамасының қоржынында 3 жолдама бар. Оның екеуі грек-рим күресінен (59, 75 келі) болса, біреуі - еркін күрестен (57 келі).