Астанада өткен дзюдодан әлем біріншілігін 193 миллион адам тамашалаған
Мәселен, өткен жылы Ресейдің Челябинск қаласында өткізілген әлем чемпионатын тамашалаған көрермендер саны 110 миллион болса, елордадағы біріншілікті теледидар арқылы 193 миллион адам тамашалаған.
Сондай-ақ, хатта біріншілікке байланысты 1000 сағат тікелей эфир мен жаңалықтар жасалып, біріншілік туралы телеарналардан 3 миллиард материал көрсетілгені айтылған. Бұл көрсеткіш Челябинск қаласында өткен спорт шарасындағы көрсеткіштен 147%-ға көп екен.