Астанада коньки тебу спортынан әлем чемпионаты басталды
Әлемдік біріншілікке 18 елден 47 ер және 34 әйел спортшы қатысады. Олардың арасында аты әлемге мәшһүр Шани Дэвис, Мишель Мюлдер, Кун Вервей, Павел Кулижников, Ольга Фаткулина сынды әлем чемпиондары бар. Ал Қазақстан намысын конькишілеріміз – Роман Креч, Екатерина Айдова және Денис Кузин қорғайды.
Жарыстың жалпы жүлде қоры 81 мың АҚШ доллары, бұл қаржы Халықаралық коньки тебушілер федерациясынан бөлінеді.
сурет: sports.ru