Елордадағы Дәулет спорт кешенінде өтіп жатқан байрақты бәсекеге барлығы 11 елдің спортшылары қатысуда. Атап айтсақ, Қазақстан балуандарынан бөлек бөлек Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Пәкістан, Өзбекстан, Шри-Ланка, Жапония, Иран, Қырғызстан, Үндістаннан келген спортшылар 8 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасуда. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 20 мың АҚШ долларына бағаланды. Әр салмақта топ жарған жеңімпаздарға 1000 доллардан табысталады. Ал жүлделі екінші орынға ие болғандар 500 мың доллар, үздік үштікке ілінген балуандар 300 доллар ұтып алады. Абсолюттік салмақ дәрежесіндегі қаржылай сыйлықтың бағасы бұған қарағанда жоғары. Алтын медаль иегеріне 3 000 доллар, күміске 1 500 доллар, қола жүлде иесіне 1 000 доллар табысталады. Азия біріншілігінде ел намысын 55 келіде Ербол Алдухан, 60 келіде Оспан Дәулетбай, 66 келіде Нұрболат Ізімғалиев, 74 келіде Наурызбек Майлашев, 82 келіде Ерсін Сейтқазинов, 93 келіде Әділжан Ыстыбаеав, 100 келіде Бауыржан Қабай, +100 келіде Айбат Сейтен, абсолюттік салмақта Айбек Нұғымаров қорғайды. Еске сала кетейік, чемпионат өтіп жатқан Дәулет спорт кешеніне кіру тегін. Еліміздің спортшыларына қолдау білдірем деген жанкүйерлер болса, Дәулет спорт сарайы сіздерді асыға күтіп отыр.