Астанада бокстан қыздар арасындағы ел чемпионаты басталды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ kfb.kz

Елорда төріндегі ел біріншілігіне әлем чемпиондары – Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Валентина Хальзова және Ләззат Күнгейбаева да қатысады. Сондай-ақ Рио олимпиадасының қатысушылары – Жайна Шекербекова мен Дариға Шәкімова да жарыс жолына шығады. Әдеттегідей, чемпионаттың қортындысы бойынша ұлттық команданың жаңа құрамы қалыптасады. 2020 жылы Токиода өтетін олимпиаданың аясында бапкерлер құрамы «олимпиадалық» өлшеулі салмақ дәрежелеріне – 51, 60 және 75 келіге ерекше мән береді.

Ел чемпионатының финалдық кездесулері 8 мамыр күні өтеді.

Айта кетейік, бұл күндері Ташкентте бокстан ерлер арасында Азия чемпионаты өтуде. 8 қазақ боксшысы жартылай финалға шықты. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама