Астанада "Барыс" клубы "Тракторды" тізе бүктірді

Болат Қосмағамбет Корреспондент

Ойындағы алғашқы есепті 14-минутта қонақтар ашты. Бірақ, айдын иелері бірінші кезеңде-ақ есепті теңестіріп кетті. Матчтың екінші таймында клубтар бір-бірден гол алмасып үлгерді. Шешуші болған үшінші кезеңде "Барыс" ойында қырағылық пен жеңіске деген жігерлік танытып, екі гол соқты. Айта кетейік, "Барыс" матч соңындағы 4-голды иесіз қалған бос қақпаға тоғытты. Енді екі клуб арасындағы матчтар сериясы 3:3 болып теңесті.

Келесі кезеңге өтетін клубты анықтайтын шешуші матч Челябинск қаласында өтеді.   

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама