«Астана» велошабандозы «Джиро д’Италияның» он алтыншы кезеңін ұтты
Қазақстандық клубтың испандық легионері 174 шақырымға созылған қашықтықты бірінші болып кесті. Екінші болып Нидерландының «LottoNL-Jumbo» клубының мүшесі Стевен Крейсвейк келсе, үшінші болып мәрені Альберто Контадор (Испания, «Tinkoff-Saxo») кесті.
«Джиро д’Италия» велододасының жалпы есебінде Альберто Контадор көш бастап тұр. Екінші орынға екі кезеңді қатар ұтқан Микель Ланда («Астана») орналасса, үштікті қазақстандық клубтың екінші бір велошабандозы Фавио Ару қорытындылап тұр.