"Астана" велоклубы 2019 жылғы құрамын таныстырды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ "Астана" велоспорт клубы

- Ең алдымен барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бүгін біз жаңа маусымда "Астана" сапында жарыстарға қатысатын 28 велоспортшыны таныстырдық. Бүгінгі құрам тәжірибесі толысқан, жас әрі жеңіске деген жігері мол спортшылардан құралған деп айта аламын. Келер жылы гранд-турларда, көпкүндік жарыстар мен классикалық турнирлерде барымызды салатын боламыз.

Өткен маусым біз үшін аса табысты болды. Біздің велоспортшылар 33 рет жеңіс тұғырынан көрінді. 62-сі жүлделі оралды. Мигель Анхель Лопес "Джиро" мен "Вуэльтада" жеңімпаз болды. Алдағы маусымды биылғыдан да табысты өткізу басты жоспарда, - деді команданың бас менеджері Александр Винокуров.

Ресми шара кезінде команданың жаңа 9 велоспортшысы да таныстырылды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап командаға Юрий Натаров (Қазақстан), Йон Изагирре (Испания), Горка Изагирре (Испания), Давиде Баллерини (Италия), Мануэле Боаро (Италия), Мерхави Кудус (Эритрея), Йонас Вилсли (Дания), Родриго Контрерас (Колумбия) және Эрнандо Бооркес (Колумбия) қосылады.

Команданың толық құрамы: Давиде Баллерини (Италия), Пельо Бильбао (Испания), Жандос Бижігітов (Қазақстан), Мануэле Боаро (Италия), Эрнандо Бооркес (Колумбия), Дарио Катальдо (Италия), Родриго Контрерас (Колумбия), Магнус Корт (Дания), Лауренс Де Вриз (Бельгия), Даниил Фоминых (Қазақстан), Омар Фраиле (Испания), Якоб Фульсанг (Дания), Евгений Гидич (Қазақстан), Йонас Вилсли (Дания), Дмитрий Груздев (Қазақстан), Ян Хирт (Чехия), Уго Уль (Канада), Йон Изагирре (Испания), Горка Изагирре (Испания), Мерхави Кудус (Эритрея), Мигель Анхель Лопес (Колумбия), Алексей Луценко (Қазақстан), Натаров (Қазақстан), Луис Леон Санчес (Испания), Никита Стальнов (Қазақстан), Давиде Виллелла (Италия), Артем Захаров (Қазақстан) және Андрей Зейц (Қазақстан).

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама