«Астана» үшінші жыл қатарынан ел чемпионы атанды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Станимир Стойлов жаттықтыратын команда ХХV турда «Оқжетпеспен» өткізетін ойынын еурокубок ойындарына байланысты кейінге шегерген еді. Бүгін сол кейінге шегерілген ойында «Астана» командасы көкшетаулық клубпен тең ойнап, чемпион атанды. Көкшетауда өткен ойында командалар 0:0 есебімен тең тарқасты.

«Астана» ойыншылары маңызды ойында жеңіске жетуді мақсат тұтқанмен, тең ойын да чемпиондық атаққа жеткілікті болды. Премьер-лиганың аяқталуына бір тур қалғанда Алматының «Қайрат» клубын 4 ұпайға басып озды. Ал «Қайрат» болса екінші жыл қатарынан күміс жүлдегер атанды.

Елордалық ұжымның «Оқжетпесті» ұтуға да мүмкіндігі болды. Алайда 33 минутта Рохер Каньяс пенальтиді сәтті орындай алмады. Алаң иелерінің қақпашысы Саша Стаменкович допты қайтара білді.

Еуропа лигасының топтық кезеңінде бақ сынап жатқан «Астана» келесі маусымда да Чемпиондар лигасында ел намысын қорғайтын болады. Премьер-лиганың соңғы туры 29 қазан күні өтеді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама