«Астана» топтық кезеңде қай клубтармен ойнауы мүмкін?

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Еуропаның басты бәсекесінің топтық кезеңінде 32 клуб бақ сынайды. Оның 22-сі доданы бірден топтық кезеңнен бастаса, қалған 10 клуб іріктеу кезеңінен кейін барып қана қосылады. Бүгін өткен плей-офф ойындарының қорытындысы бойынша 32 клуб толықтай белгілі болды.

Топтық кезеңдегі клубтар төрт себетке бөлінді. Бір себеттегі клубтар бір топқа түсе алмайды. Елордалық «Астана» төртінші себетке орналасты.

Бірінші себет: «Барселона», «Челси», «Бавария», «Ювентус», «Бенфика», «Пари Сен-Жермен», «Зенит» және «ПСВ»;
Екінші себет: «Реал», «Атлетико» (Мадрид), «Порту», «Арсенал», «Манчестер Юнатед», «Валенсия», «Байер», «Манчестер Сити»;
Үшінші себет: «Шахтер» (Донецк), «Севилья», «Лион», «Динамо» (Киев), «Олимпиакос», «ЦСКА», «Галатасарай», «Рома»;
Төртінші себет: «БАТЭ», «Боруссия» (Менхенгладбах), «Вольфсбург», «Динамо» (Загреб), «Маккаби» (Тель-Авив), «Гент», «Мальме» және  «Астана».

Айта кетейік, 2015/2016 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне Испанияның 5 клубы шығып рекорд орнатқан болатын. Топтық кезеңге жеребе тастау рәсімі Астана уақытымен кешкі сағат 21:45-те басталады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама