Футболдан Еуропа лигасының 1/16 финалындағы Спортингке қарсы бірінші ойында Астана қарсыластарына есе жіберді. Астана Аренада өткен ойында қонақтар 3:1 есебімен басымдығын танытып кетті. Станимир Стойлов шәкірттері бірінші таймда лиссабондық клубты ұтып-ақ шықты. 7 минуттаИгорь Шитовтыңтамаша пасынан кейінМарин Томасовесеп ашты. Ойынның бірінші таймы аяқталар тұста Спортинг сапынанСейду Думбия, АстанаданМарин Аничичгол соққан. Екі сәтте де футболшылардың соққан голы есепке алынбады. Қапталдағы төреші ойыннан тыс қалғанын көрсетті. Екінші тайм Астана ойыншылары үшін сәтсіз болды. Бар-жоғы 7 минут ішінде өз қақпаларына үш гол соқтырып алды. Алдымен 48 минуттаБруно Фернандеш пенальтиден таразы басын теңестірді. Бұл тұстаЮрий Логвиненкоқолмен ойнағаны үшін сары қағаз алды. Араға 2 минут салаЖелсон Мартиншпортугалдық ұжымды есепте алға шығарды. Ал 56 минуттаСейду Думбияөз командасының ойындағы үшінші голын соқты. 62 минуттаЮрий Логвиненкоекінші сары қағазын алып, Астананы 10 ойыншымен қалдырды. Ойын есебі сақталып, Спортинг алғашқы ойында жеңіске жетті. Қарымта кездесу бір аптадан кейін Лиссабонда өтеді. Айта кетейік, Астана биыл алғаш рет Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты.