«Астана» Швейцарияда «Янг Войздан» ойсырай ұтылды
Бірінші таймда қос команда қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанмен, гол соға алған жоқ. Әсіресе «Астана» сапынан Джуниор Кабананга мен Неманья Максимович өз мүмкіндіктерін мүлт жіберіп алды. Ал алаң иелерінің бірнеше шабуылдағы соққыларын Ненад Эрич қайтара білді.
«Янг Войз» ойындағы үш голды да екінші таймда соқты. 61 минутта Михаэль Фрайдың алаңға шығуымен швейцариялық клубтың шабуылы ширай түсті. 63 минутта 22 жастағы шабуылшы командасын алға шығарды. Араға аз уақыт сала Джуниор Кабананга таразы басын теңестіру үшін алға ұмтылып, бірнеше қорғаушыны алдап өтіп, қақпашыдан айласын асыра алмады. Есесіне «Янг Войздың» ширақ шығып, есепті еселей түсті. Гийо Оаро гол авторы атанды.
«Астананың» қорғанысы 56 минутта Юрий Логвиненко жарақатына байланысты алаңнан кеткеннен кейін жиі сыр бере бастады. Үшінші голды 71 минутта Торстен Шик соқты. Одан кейінгі аралықта Станимир Стойлов шәкірттері есепті қысқартуға тырысқанмен, нәтиже шықпады. Қорытындысында «Астана» топтық кезеңді 5 ұпаймен соңғы орында аяқтады.
Топта 12 ұпай жинаған Кипрдің «АПОЭЛ» клубы бірінші орынды иеленді. «Олимпиакос» пен «Янг Войз» 8 ұпайдан иеленді. Өзара кездесулер нәтижесі бойыншы грекиялық ұжым плей-офф кезеңіне шықты.