"Астана" шабуылшысы "Тобылға" ауысты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ KazFootball.kz

Команда мен футболшы арасындағы келісімшарт пен қанша уақыт ойнайтыны туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Айта кетейік, 24 жастағы шабуылшы "Астана" сапына өткен жылы алматылық "Қайрат" клубынан ауысып келген болатын. Елордалық клуб сапында шабуылшы өткен маусымда 31 кездесуге қатысып, 3 гол соқты. Ал оған дейін Қазақстан біріншілігінде бір жыл талдықорғандық "Жетісу" сапында өнер көрсеткен болатын.  

Осыған дейін "Астана" Румыния чемпионатының үздік сұрмергені Аздрен Лулакуды қатарына қосқан-ды. Сондай-ақ жартылай қорғаушы Рохер Каньясты Кипрдың АПОЭЛ командасына уақытша ойнауға рұқсат берген еді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама