«Астана» плей-оффтағы ойынын Алматыда өткізеді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ massaget.kz

- УЕФА «Астана» ойыны өтетін күн мен уақытын белгіледі. Бірінші ойын 18 тамыз күні Алматының орталық стадионында өтеді. Басталуы – Астана уақытымен сағат 22:00-де. Қарымта кездесу 26 тамыз күні Никосияда ойналады. Астана уақытымен түнгі 00:45-те басталады, - делінген клуб хабарламасында.

«Астана-Арена» стадиоын УЕФА талаптарына сай екені рас. Алайда клубтың ойынын Алматыда өткізуінің өзге себебі бар. Себебі, «Астана-Арена» стадионында 11 қыркүйек күні Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мемлекеттік іс-шара ұйымдастырылады. Ал оған дайындық алдын-ала басталуы тиіс екен. Бұл шешімге елордалық жанкүйерлер өкініш білдіріп, қарсылық танытуда. 

Айта кетейік, Станимир Стойлов шәкірттері Чемпиондар лигасының үшінші кезеңінде Финляндияның «ХИК» клубын жарыс жолынан шығарған болатын. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама