«Астана» ойыншысын Ганада қарулы топ тонап кетті

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ N-tv.de

Қарулы топ Патрик Твумасидің Аккрадағы үйіне басып кіріп, бағалы заттары мен ақшаларын шығаруды талап еткен. Футболшы қару кезенген бұзақыларға барын берген. «Ghana Sports Online» басылымының мәлімдеуінше, ұрылар өте қомақты сомада ақшаны алып кеткен.

- Құдайға шүкір, менің отбасым осы түннен аман қалдық, енді қауіпсізбіз. Әрине, мен бұған қуанышты емеспін, бірақ отбасым – аман. Ұрылар қарумен келіп, ақшамызды және бағалы заттарымызды алып кетті. Бірақ тірі қалдық. Бары осы», – деп жазды футболшы.

Патрик Твумаси еліне Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға барған. Оның үстіне жақында ғана дүниеге келген баласын көру ниетімен асыға жеткен екен.

Қазіргі таңда оқиға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама