"Астана" мен "Славия" тең тарқасты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

Ойын басын чех командасы ширақ бастады. 18 минутта айып соққысынан асырылған допқа "Славияның" камерундық легионері Майкл Нгадеу-Нгаджуи бірінші жетіп, допты қақпаға баспен тура бағыттады. Ненад Эрич допты қайтара алған жоқ. Нәтижесінде қонақтар алға шықты.

Бірінші тайм аяқталар тұста "Астана" ойыншылары таразы басын теңестіре білді. Жуниор Кабананганың тепкен добын Пржемысл Коварж қайтарып үлгергенмен, қайта соққы жасаған Марин Томасов есепті теңестірді.

Екінші таймда командалар гол соғатын сәттер көп бола қоймады. 1:1 есебі сақталып, "Астана" топтағы алғашқы 1 ұпайын иеленді.

Келесі ойынын "Астана" 19 қазан күні Израильде "Маккаби Тель-Авивке" қарсы өткізеді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама