«Астана» қорғаушысы мансабын Жапонияда жалғастырады
Клубтың ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, клуб пен футболшы арасындағы келіссөздер сәтті аяқталған. Бірақ, әлі де келісім-шартқа қол қойылмаған. Дегенмен де, футболшының өзі клубтың жанкүйерлеріне жолдама жасап та үлгерген екен.
- «Урава Ред» Жапониядағы ең мықты ұжымдардың бірі. Бұл команда алдына тек биік мақсаттарды қояды. Алдағы уақытта енді мен де клубтың биік белестерден көрінуіне қолымнан келгенше көмектесемін,- деген Бранко Илич клубтың ресми сайтына берген бірінші сұқбатында.
Айта кетейік, 33-жастағы қорғаушы «Астана» сапына 2015 жылы қосылып, елордалық клубтың қатарында бір маусым ойнады. Оған дейін ол Испанияның «Бетис», Ресейдің «Москва», «Локомотив», Кипрдің «Анортосис», Израильдің «Хапоэль» (Тель-Авив), Сербияның «Партизан» клубтары қатарында өнер көрсеткен.