"Астана" командасы хорват жартылай қорғаушысымен толықты
Футболшы елордалық командаға Хорватияның "Риека" клубынан ауысып келді. Оған дейін өз елінде "Хайдук" және "Задр" командалары сапында өнер көрсеткен. Хорватиялық ойыншы Германияда "Мюнхен-1860" командасында 3 маусым өткізген. Ал соңғы маусымды ол Сауд Арабиясында "Аль-Наср" командасында уақытша ойнаған. "Астана" сапында да 1 жыл уақытша ойнайтын болады.
Немістің transfermarkt.de сайтының мәліметі бойынша, Хорватия жастар құрамасы сапында өнер көрсеткен ойыншының құны - 2 миллион евро.
Марин Томасов Хорватия ұлттық құрамасы сапында да бір ойын өткізген. Ол 2015/2016 жылғы футбол маусымында Хорватия чемпионатында үздік ассистент атанса, ел Кубогында үздік сұрмерген болған.
Айта кетейік, осыған дейін "Астана" футбол клубы Венгрия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ласло Кляйнхайслермен де уақытша келісімшартқа қол қойған еді.