“Астана“ командасы “Челсиге“ қарсы ойын туралы ресми мәлімдеме жасады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ fca.astana|instagram

Әлеуметтік желіде 2024 жылдың 12 желтоқсанында өтетін "Астана" мен "Челси" арасындағы УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңдік матчының билеттеріне алдын ала тапсырыс беру туралы жарнамалар жариялана бастады. Осыған байланысты «Астана» футбол клубы аталған матчқа билеттер сатылымға шықпағанын хабарлайды. Билеттердің бағасы, сондай-ақ сатылым күні туралы барлық ақпарат клубтың ресми дереккөздерінде ұсынылады, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде бұл матчқа билет сатылып жатқанын және 50 000 теңгеден басталатынын жазғандар болған еді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама