«Астана» Кипрге аттанды
Станимир Стойлов жаттықтыратын клуб Кипр еліне 20 футболшымен жол тартты. Никосияда қос клуб 3 ұпайды сарапқа салатын болады. Қазақстандық клубтың құрамы төмендегідей:
Қақпашылар: Ненад Эрич, Аблайхан Дүйсен, Александр Мокин;
Қорғаушылар: Дмитрий Шомко, Марин Аничич, Сергей Малый, Игорь Шитов, Абзал Бейсебеков, Біржан Күлбеков;
Жартылай қорғаушылар: Неманья Максимович, Рохер Каньяс, Серікжан Мұжықов, Азат Нұрғалиев, Асхат Тағыберген, Абай Жүнісов, Геворг Наджарян;
Шабуылшылар: Джуниор Кабананга, Джордже Деспотович, Патрик Твумаси және Танат Нөсербаев.
«АПОЭЛ» клубы қазақстандық жанкүйерлер мен «Астана» командасы үшін таңсық емес. 2015 жылы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде қос клуб қарсылас атанған болатын. «Астана Аренада» өткен ойында елордалық ұжым 1:0 есебімен жеңіске жетсе, Никосияда 1:1 есебі тіркелген-ді.
Айта кетейік, «Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыққан қазақстандық екінші клуб. 2013/2014 жылғы маусымда қарағандылық «Шахтер» алғаш болып топтық кезеңге өткен болатын.