Астана футбол клубының шабуылшысы Джуниор Кабананга спорттық мансабын Сауд Арабиясында жалғастырады. Футболшы елордалық командадан Эр-Риядтың Әл-Наср клубына ауысты. Конго Демократиялық Республикасының шабуылшысы жаңа командасымен 2,5 жылға келісімшартқа қол қойған. Әл-Наср сапындағы алғашқы ойынын 3 ақпан күні өткізуі бек мүмкін. Қазір ойыншы Эр-Риядқа ат басын бұрып үлгерген. - Астана футбол клубы Сауд Арабиясының ең мықты командаларының бірі Аль-Наср (Эр-Рияд) футбол клубының елордалық команда көшбасшыларының бірі Жуниор Кабананганы 2 миллиона еуроға сатып алу туралы ұсынысын қабылдады. Қазіргі уақытта аталмыш трансфер бойынша шабуылшымен жеке еңбек шарттары толық шешіліп, екі клуб арасындағы трансферлік шарттарды бекіту ғана қалды. Астана өз кезегінде Жуниорға Қазақстан чемпионаты мен Қазақстан Кубогында және еурокубоктердегі нәтижелеріне қосқан елеулі үлесі үшін алғыс айтып, алдағы еңбек жолына сәттілік тілейді! - деп жазды елордалық команданың ресми сайты. Әл-Наср - Сауд Арабиясының бес дүркін чемпионы, Азия кубоктары кубогының жеңімпазы, Азия Суперкубогының және Парсы шығанағындағы клубтық чемпиондар кубогын екі мәрте жеңіп алған. Джуниор Кабананга Астана сапында 2015 жылдың жазынан бері ойнап келеді. 2016 жылғы маусымның бірінші айналымын уақытша Түркияның Карабюкспор клубында өткізді. Жалпы ол елордалық команда сапында 94 кездесуге қатысып, 37 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді. Қазақстанға ауысарға дейін футболшы Бельгияның Серкль Брюгге, Руселаре, Беерсхот және Андерлехт секілді клубтарында ойнаған. 2015 жылы ұлттық құрамасымен бірге Африка ұлттары кубогының қола жүлдесін жеңіп алды. Ал 2017 жылы дәл осы турнирдің үздік сұрмергені атанды. Кей бейресми деректер бойынша елордалық командаалматылық Қайраттың бұрынғы шабуылшысы Жерар Гоумен келіссөз жүргізіп жатқанға ұқсайды.