“Астана“ футбол клубының жанкүйері матчқа шыққанда жол апатынан қаза тапты

Дина Ибраева Корреспондент
Фото ©️ instagram.com/fca.astana/

Бұл туралы "Астана" клубының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

"Астана" мен "Ақтөбе" футбол клубының кездесуі алдында қайғылы жағдай болды. Елордалық жанкүйерлердің автокөлігі апатқа ұшырап, бір адам қайтыс болды. Қалған үш жолаушы ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы туралы ақпарат әзірге берілмеді. 

"Бүгін таңертең "Астана" футбол клубының үлкен отбасында қайғылы жағдай орын алды. Клубтың бір топ жанкүйері "Астана" - "Ақтөбе" матчы өтетін Алматы қаласына барар жолда жол-көлік оқиғасына тап болды. Елордалық клуб жанкүйері Нұрлан Ауғанбай ауыр жарақат алып, көз жұмды, ал үш жанкүйер түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханада жатыр", - делінген хабарламада. 

"Астана" футбол клубының әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлеріне көңіл айтатын жазба жарияланды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама