Футболдан ҚР Кубогының 1/8 финалындағы ойындар аяқталды. Еліміздің әр өңірінде өткен ойындары қорытындысы бойынша ширек финалға шыққан 8 команда белгілі болды. Өткен жылы ел кубогын жеңіп алған Қайрат Көкшеатуда Оқжетпеспен ойнады. Аса тартысты өткен кездесуде алматылық ұжым алаң иелерін 5:3 есебімен ұтты. Ойында команда капитаныБауыржан Исламханхет-трик жасаса,Магомед ПарагульковпенВячеслав Швыревбір-бір голдан еншілеріне жазды. Ал көкшетаулық команда қатарынанАртем Касьянов, Казбек ГетериевпенРенат Абдулингол соқты. ЕлордалықАстанаел кубогы жолындағы жарысты ерте аяқтады. Команда Жетісайда Махтаралға қарсы өткен ойынға қосалқы құрамы мен жас ойыншыларын ала берді. Нәтижесінде 3:1 есебімен есе жіберді. Астана өткен жылы да 1/8 финалда Жетісудан жеңіліп, жарысты аяқтаған болатын. Шымкенттік дербидеОрдабасы Қырандыойсырата ұтты. Есеп 6:0.Виталий ЛименМардан Төлебекдубль жасады.Қайрат ӘшірбековпенДжамбули Джигаурибір-бір голдан соқты. Қыран командасы 22 минуттан бастап 10 ойыншымен ойнады. ҚызылордадаҚайсар Ақтөбені2:0 есебімен ұтып, ширек финалға шықты. Алаң иелері сапынанВалерий КоровкинменТоқтар Жаңғылышбайгол соқты. Атырау түзде Ақжайықты 1:0 есебімен ұтты. 66 минуттаНовица Максимовичтіңсоққан голы командасына жеңіс сыйлады. Дәл осындай ойын сценарийі Қостанайда да қайталанды. Тобыл өз алаңында Жетісуді 1:0 есебімен ұтты. Алаң иелерін ширек финалға алып шыққан голды 65 минуттаБауыржан Тұрысбекпенальтиденсоқты. Тараз Ертіс, Шахтер Қызылжаркомандалары арасындағы ойындарда гол соғылмады. Нәтижесінде ширек финалға шыққан командалар ойын соңындағы пенальти сериясы бойынша анықталды.ЕртіспенШахтеркомандасы қарсыластарынан басым шықты.