«Астана» «Джиро д’Италия» велокөпкүндігін сәтті аяқтады
Қазақстандық клубтың мүшелері Миланда мәресіне жеткен жарыстың таулы аймақтағы төрт кезеңін де ұтты. Ал Пауло Тиралонго 215 шақырымға созылған қашықтықта жеңімпаз атанды. Турнир қорытындысы бойынша «Tinkoff-Saxo» командасының капитаны испаниялық Альберто Контадор «Джиро д’Италия» велокөпкүндігінің жеңімпазы атанды. Екінші және үшінші орында «Астана» клубының өкілдері иеленді. Турнирді Фабио Ару - екінші, Микель Ланда - үшінші орынмен аяқтады.
«Джиро д’Италия» велокөпкүндігінде «Астана» клубының мүшесі Фавио Ару ең жас велошабандоз атанды. Ал жарыс аяқталысымен жаңарған UCI (Халықаралық велоспорт федерациясы) рейтингінде қазақстандық клуб бесінші орынға көтерілді.
Жалпы есеп:
1. Альберто Контадор (Испания, «Tinkoff-Saxo») — 88:22:25
2. Фабио Ару (Италия, «Астана») — +1:53
3. Микель Ланда (Испания, «Астана») — +3:05
Қазақстандық клубтың өзге мүшелерінің нәтижелері:
13. Танел Кангерт (Эстония, «Астана») — +28:05
19. Паоло Тиралонго (Италия, «Астана») — +1:03:38
23. Диего Роса (Италия, «Астана») — +1:24:57
25. Дарио Катальдо (Италия, «Астана») — +1:35:24
35. Луис Леон Санчес (Испания, «Астана») — +2:17:30
59. Андрей Зейц (Қазақстан, «Астана») — +3:09:32
85. Давид Малакарне (Италия, «Астана») — +4:04:18.