"Астана" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

Бір апта бұрын Астанада өткен ойында Станимир Стойлов шəкірттері 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Варшавадағы қарымта кездесуде 1:0 нəтижесімен алаң иелеріне есе жібергенмен, қос ойын қорытындысы бойынша плей-оффқа қадам басты.

Қарымта ойында "Легия" сапынан Червинский гол соқты. 

"Астана" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде сүрінген жағдайда, Еуропа лигасының топтық кезеңінде бақ сынайды. Дегенмен елордалық ұжымның басты мақсаты - Чемпиондар лигасының топтық додасы. Команданың плей-оффтағы қарсыласы 4 тамыз күні өтетін жеребе қорытындысы бойынша белгілі болады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама