"Астана" Чемпиондар лигасымен қоштасты
Жеребе бойынша "Астана" Беларусьтің "Динамо" командасы түскен. Биыл әлемді жаулаған коронавирустың салдарынан Чемпиондар лигасы ерекше жүйеде өтіп жатыр. Іріктеу кезеңінің тағдыры бір ғана матчтан тұрады.
Брест қаласында өткен матчта "Астана" жергілікті командаға еш қауқар көрсете алған жоқ. Матчтағы есепті "Шахтер" мен "Тобылдың" бұрынғы шабуылшысы Михаил Гордейчук ашты. Артынша "Динамоның" тағы бір ойыншысы Кирилл Печенин есепті еселей түсті. Ал Павел Седько командасының төртінші голын соқса, оған "Астана" бір ғана дәл доппен жауап қайтарды.
Екінші тайм да голға толы болды. "Астана" сапынан Дорин Ротариу мен Абзал Бейсебеков көзге түссе, алаң иелері сапынан Диалло дубль авторы атанды.
Осылайша "Астана" үшін Чемпиондар лигасы бастала салысымен аяқталды. Енді ел чемпиондары бағын Еуропа лигасында сынап көреді.
Чемпиондар лигасы. Бірінші іріктеу кезеңі
"Динамо-Брест" (Беларусь) – "Астана" – 6:3 (4:1)
Голдар: Гордейчук 16 (1:0), Печенин 17 (2:0), Гордейчук 22 (3:0), Седько 37 (4:0), Томасов 45+1 (4:1), Ротариу 51 (4:2), Диалло 55 (5:2), Бейсебеков 87 (5:3), Диалло 89 (6:3).