«Астана» баскетбол командасы жаңа ойыншыларын таныстырды

Уалихан ҚОСАНБАЙ Корреспондент

Жалпы команда жетекшілері ұжым сапында былтыр өнер көрсеткен жігіттердің барлығын дерлік сақтап қалған. Олар команда капитаны - Рустам Ярагалиев, қорғаушылар - Антон Понамарев, Всеволод Фадейкин, жартылайқорғаушылар - Всеволод Фадейкин, Джерри Джонсон, шабуылшылар - Роул Маршалл, Бранко Цветкович.

«Біз бірінші маусымда өнер көрсеткен команданың жетпіс пайызын сақтап қалдық. Маттео Боничиолли бастаған бапкерлер қосыны да клубта қалды. Командаға алынған жаңа ойыншылардың деңгейі жоғары. Сондықтан да алдағы маусымда «Астана» мүмкіндігінше турнирлік кестенің жоғарғы сатысынан көрінеді деп білемін», -  дейді «Астана» командасының атқарушы директоры  Валерий Тихоненко.

Айта кетейік, «Астана» баскетбол командасы Қазақстан біріншілігінің жеті дүркін жеңімпазы. Сонымен қатар Кәрі құрлықтағы ең беделді ВТБ лигасында өнер көрсетеді. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: 1tv.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама