"Астана" атақты "Формула-1" жарысына қатысатын болды

Болат Қосмағамбет Корреспондент

Қазан айында Джункадэлья Халықаралық автомобиль федерациясы аясында Германиядағы "Хоккенхаймринг" трассасындағы өткен жарыстың соңғы кезеңінде, яғни "Формула-3" чемпионатында жеңіске жеткен болатын. 

Джункадэлья: "Мені қолдаушыларға үлкен алғысымды білдіремін. Мен осы маусымда "Формула-1" әлемдік беделді жарыста бағымды сынаймын. Бұл мен үшін маңызды. Мен бүкіл республика менімен бірге екендігіне қуаныштымын! Мен үшін мемлекетті көрсету - үлкен жауапкершілік және команданың, қолдаушыларымның, жанкүйерлерімнің сенімін ақтау үшін көп еңбек етіп, тер төгуім қажет”- деп ағынан жарылды.

Қазіргі кезде "Формула-1" командасымен келіссөздер мен құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұдан басқа, жақын арада Даниэль Джункадэльяның Қазақстанға сапары жоспарланып отыр.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: raceface.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама