"Астана Арландары" кезекті жеңістеріне жетті

Болат Қосмағамбет Корреспондент

Кештің соңында рингке шыққан ауыр салмақтағы жерлесіміз Руслан Мырсатаев украиналық Анатолий Антонюкке еш мүмкіндік бермеді. Ол аздай, соңғы раунд аяқталар тұста Мырсатаев оны нокдаунға жіберді. Кездесу есебі: 3:0. 

Одан басқа, клуб қатарында Мирас Жақыпов, Самат Бәшенов және Эхсан Роузбахани қарсыластарынан басым түсті. Осылайша "Астана Арланс" В тобында жеке дара көш бастады. 

Әлемдік бокс сериясы (WSB). Топтық кезең. 6-тур.
"Астана Арланс" (Қазақстан) - "Украина Арландары" (Украина) - 4:1

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама