"Астана" алтыншы жыл қатарынан ел чемпионы атанды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ "Астана" ФК

Ел чемпионатының аяқталуына бір тур қалғанда чемпион анықталды. Қостанайда өткен "Тобылға" қарсы ойында "Астанаға" жеңіс сыйлаған голды 38 минутта Юрий Логвиненко соқты. Ал чемпиондық атаққа үмітті болып келген "Қайрат" Павлодарда "Ертістен" 5:0 есебімен ұтылды.

ХХХІІ турда "Ордабасы" "Атырауды" ұтып, үшінші орынға көтерілді.

Бірінші лига ойындарының нәтижесі бойынша "Қызылжар" мен "Каспий" клубтары премьер-лигаға шықты. Петропавл қаласының командасы араға 1 салып оралса, ақтаулық команда 2001 жылдан бері жоғарғы лигада ойнамаған. Қосымша бір жолдамаға "Ақжайық" таласады. Қарсыласы премьер-лиганың соңғы турында анықталады.

Ел премьер-лигасының соңғы туры 10 қараша күні өтеді. 

ХХХІІ тур нәтижелері: 

"Ақтөбе" - "Шахтер" 3:2

"Атырау" - "Ордабасы" 1:3

"Тараз" - "Қайсар" 2:1

"Ертіс" - "Қайрат" 5:0

"Оқжетпес" - "Жетісу" 1:1

"Тобыл" - "Астана" 0:1

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама