Ашхабад-2017. Қазақстан қоржынына 3 алтын медаль түсті

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews

Бүгін қазақстандық жеңіл атлеттер жоғары деңгейде өнер көрсетті. Ядро лақтырудан – Иван Иванов, сырықпен секіруден – Сергей Григорьев, ұзындыққа секіруден Ольга Рыпакова жарыс жеңімпазы атанды.

Иван мен Сергей жарыс жеңімпазы атанып қана қоймай, жабық кешендегі Азия ойындарының рекордын жаңартты. 

Екі күндік жарыс қорытындысы бойынша түрікмен спортшылары командалық есепте қара үзіп тұр. Олар 29 алтын 21 күміс 12 қола медаль еншілеп үлгерген. Екінші орында 4 алтын 2 күміс 6 қола медальмен Иран спортшылары келеді. Үштікті 3 алтын 5 күміс 20 қола медальмен өзбек спортшылары қорытындылап тұр.

Ашхабадтағы жарыс 27 қыркүйекке дейін жалғасады. Жарысқа 17 спорт түрінен 150 қазақстандық спортшы қатысуда.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама