Асхат Жіткеев докторлық диссертациясын қорғады
Асхат Жіткеевтің ғылыми еңбегінің тақырыбы: «Дзюдошылар дайындығында қазіргі заманғы технологияларды қолдану» деп аталады.
Айта кетелік, бүгінде дзюдодан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Қазақстан дзюдо федерациясының даму жөніндегі директоры болып қызмет атқарады. Ол ел өңірлерінде бапкерлерге арналған семинарлар өткізумен айналысады. Сонымен қатар, ел дзюдошыларының дайындығына белсенді түрде ат салысып, халықаралық деңгейдегі ірі жарыстарға қазақ құрамасымен бірге барып, спортшыларға жарыс жолында кеңес береді.
Осыған дейін Илья Ильин де докторлық диссертациясын сәтті қорғап, философия (Phd) докторы атанған болатын.
Дереккөз: inform.kz