Әсем Садықова Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды
Таиландтағы жарыс 3 қыркүйек күні басталған болатын. Кеше алғаш болып жарыс жолына шыққан қазақстандық спортшылар Әсем Садықова мен Сәуле Сәдуақасова сәтті өнер көрсете білді. 58 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандастарымыз тиісінше үшінші және төртінші орындарға ие болды. Бұл салмақтағы Азия чемпионатының алтын жүлдесін қытайлық Ли Пинг жеңіп алса, күміс тай спортшысы Шрисрат Цуканеге бұйырды.
Бүгін жарыс жолына Александр Ким (69 келі) мен Фаина Сиванбаева (63 келі) шығады.
Ақпаратты орыс тілінде vesti.kz сайтында оқи отырыңыздар.