А.Санчес: "Геннадий Флойдты нокаутқа жіберіп, Уордты техникалық нокаутпен ұтқан болар еді..."

Болат Қосмағамбет Корреспондент

"Біз әрдайым Андре Уордпен кездесу үшін екінші орта салмаққа көтерілеміз бе, әлде Флойд Мэйуэзермен шығу үшін жартылай орта салмаққа түсеміз бе деп бас қатырумен келеміз", – деп келтіреді Санчес сөзін World Boxing News. "Алайда олардың ешқайсысы да бұған қызығушылық танытып көрген емес. Егер олар рингте кездесіп жатса, Геннадий Флойдты нокаутқа жіберіп, Уордты техникалық нокаутпен ұтқан болар еді".

Естеріңізге тағы да сала кетейік, қазақстандық боксшы өз атағын қорғап қалу үшін 3 қарашада Астана уақытымен сағат 7.00-де шаршы алаңға көтеріледі. Жекпе-жек Нью-Йорктың "Madison Square Garden" спорт кешенінде өтеді. Оның қарсыласы – америкалық боксшы Кертис Стивенс (28 кездесуде 25 мәрте жеңіске жеткен, оның 18-ін нокаутпен аяқтаса, 3 кездесуде жеңіліске ұшыраған). АҚШ жерінен тікелей эфирді "Қазақстан" Ұлттық телеарнасы тарататын болады. 

Одан бөлек, осыған дейін біз Генаның Флойд Мэйуэзер, Андре Уорд, Тимоти Брэдли және аргентиналық Серхио Мартинестермен қатар орта салмақтағы ең үздік бес боксшының қатарына кіргендігін хабарлаған болатынбыз.    

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vk.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама