А.Санчес: "Чавестің ауыр салмағы Генаның жұмысын жеңілдетеді"
«Геннадий Чавес қанша салмақ тартса да жеңіске жетеді. Ал Головкин рингке шамамен 172 фунт салмақпен шығады. Генаның қосқан бірнеше салмағы оның жылдамдығы мен рефлексіне еш әсерін тигізбейді. Егер Чавес қазіргі салмағына 20-25 фунт қосатын болса, ол біршама баяу қозғалатын болады. Ал бұл Головкиннің жұмысын біраз жеңілдетеді»,-дейді Абель Санчес.
Айта кету керек, Чавестің негізгі салмағы 185 пен 190 (84-86 келі) фунт аралығын құраса, Головкиндікі 170-172 фунт (77-78 келі) диапазонының арасы.
Қос мықтының арасындағы кездесу АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы «Форум» атты жабық кешенде өтеді деп жоспарланған. Жекпе-жек Чавестің командасының ұсынысымен суперорта салмақта (168 фунт немесе 76,2 келі) өтпек. Яғни бұл бокс кешінде Генаның чемпиондық белбеулері сарапқа салынбайды. Десек те, қос тараптың промоутерлері кездесуді АҚШ көрермендері үшін HBO телеарнасының ақылы форматында (PPV) ұсынбақ ниетте. Демек, бұл боксшылардың кездесу үшін алатын сыйақысының мөлшері әлдеқайда көбірек болады деген сөз.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: vk.com/ggolovkin