Аршавин тамаша гол соқты

Ербол Жұмабайұлы Корреспондент
Фото ©️ img.championat.com

Кездесуде "Қайрат" командасынан Бауыржан Исламхан, Андрей Аршавин мен Жерар Гоу гол соқса, "Тараз" командасынан Дәуренбек Тәжімбетов көзге түсті.

Алғашқы таймның соңында Аршавин керемет гол соқты. Ресейлік шабуылшы пас алып, екі қорғаушыны алдап өтіп, ал кейіннен қақпашы Александр Григоренкодан айласын асырды. "Тамаша!", - деді матчтың комментаторы. Айта кетейік, бұл Аршавиннің осы маусымда соққан алтыншы голы.

Осылайша "Қайрат" футбол командасы футболдан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында 14-ші рет жеңіске жетіп отыр. Айта кетейік, 46 ұпайды жинаған алматылықтар екінші орында тұр. 

Дереккөз: tengrinews.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама