Ресейлік танымал футболшы Андрей Аршавин 11 қараша күні Қайрат сапындағысоңғы қоштасу ойынына қатысады. Бұл туралы команданың ресми сайты хабарлады. - Қарағандының Шахтер клубына қарсы кездесуде әйгілі футболшы Андрей Аршавин қоштасу ойынына шығады. Алматылық команда сапындағы жарқын ойындары үшін футболшыға клуб пен жанкүйерлер зор алғысын білдіреді, - деп хабарлады. Ел премьер-лигасының соңғы турындағы Қайрат пен Шахтер арасындағы кездесу 11 қараша күні Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады. Андрей Аршавин Қайрат сапында үш маусым ойнады. 100-ден аса ойынға қатысып, 30 гол, 37 нәтижелі пас берді. Клуб сапында екі рет ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды. ҚР Кубогы мен Суперкубогында жеңіске жетті.