Арсен Венгер «Арсеналмен» келісімшартын ұзартатын болды

Шерхан Талап Корреспондент

Сондай-ақ, жаңа келісімшартқа қорғаушы Пер Мертезакер де қол қойды. 29 жастағы қорғаушы «Арсенал» сапына 2011 жылы тамыз айында келген болатын. «Арсеналдық» тағы бір қорғаушы Бакари Санья клуб ауыстыруы мүмкін. 30 жастағы француз футболшысы қазірдің өзінде Түркия, Франция елдерінің клубарынан шақырту алып үлгерді.

«Арсенал» клубы соңғы 13 айда бес ойыншымен келісімшартын ұзартты. Олар: Джек Уилшир, Аарон Рэмзи, Алекс Окслейд-Чемберлен, Киран Гиббс және Карл Дженкинсон.

Арсен Венгер «Арсенал» клубымен 1996 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Команда оның жетекшілігімен үш мәрте Англия чемпионатын, төрт рет Ел кубогын және Суперкубогын жеңіп алды.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: prosport-ru.tsn.ua 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама