"Арландардың" Лондонда жұдырықтасатын құрамы белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com (Astana Arlans)

Қос команда арасындағы қарымта кездесу 8 маусым күні Ұлыбритания елінің астанасы Лондонда өтеді. Жекпе-жектер Астана уақытымен сағат түнгі 01:00-де басталады. Vesti.kz порталы бұл кездесуді тікелей эфирде көрсететін болады.

Жекпе-жекке қатысатын боксшылардың тізімі:

52 келі: Олжас Сәттібаев - Дин Фарелл. 

60 келі: Зәкір Сафиуллин - Чад Милнс. 

69 келі: Асланбек Шымбергенов - Кумар Манодж.

81 келі: Арман Рысбек - Томас Уитаккер-Харт. 

+91 келі: Нұрсұлтан Аманжолов - Патрик Майлата. 

Егер есепте екі команда тең түсетін болса, финалдың жолдамасы қосымша 52 келі салмақтағы боксшылар жекпе-жегімен жалғасады. Бұл салмақта "Арландар" сапынан Анвар Мұзапаров барса, британдық команда Блэйн Хэйландты дайындап отыр. 

Еске салайық, Қостанай қаласында өткен бірінші жартылай финалдық кездесуде елордалық команда 4:1 есебімен жеңіске жеткен еді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама