"Арландар" топтық кезеңді жеңіспен аяқтады

О Сансызбай Корреспондент

Алғаш болып рингке көтерілген Ілияс Сүлейменов қонақтар былғары қолғап шебері Гжегоржа Козловскиді алғашқы минуттардан-ақ тықсыра бастады. Өзінің қарсыласынан мықты екенін ә дегеннен-ақ байқатты. Ашық айқасқан жерлесіміз соңғы раундтарда қарсыласына мүлде мүмкіндік бермей, жеңіске сенімді түрде жетті.

«Astana Arlans» командасы құрамындағы алғашқы кездесулеріне шыққан Ғани Жайлауов, Данияр Елеусінов және Әділбек Ниязымбетов қарсыластарымен болған жекпе-жекте айқын жеңіске жетті. 

Соңғы болып қазақстандық команданың қатарынан жекпе-жекке көтерілен Армен Симонян қарсыласы Сергей Вервейкодан жеңіліп қалды. Үшінші раундта нокдаун алған «Astana Arlans» былғары қолғап шебері кездесуді ары жалғастыра алмады. Нәтижесінде польшалық команданың легионері техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша «Astana Arlans» өз тобында екінші орын алып, плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама