«Арландар» өзбек боксшыларына есе жіберді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Өзбек клубы WSB жобасына алғаш рет қатысып отыр. Команда сапында Өзбекстан ұлттық құрамасының кіл мықты боксшылары да бар. Ал еліміздің «Astana Arlans» клубы биыл ұлттық құраманың негізгі боксшыларын құрамына қосқан жоқ. Өткен маусымда клуб құрамында болған белді боксшылар бүгінде Рио Олимпиадасына дайындығын шыңдауда.

«Uzbek Tigers» клубы алғашқы үш жекпе-жектің қорытындысы бойынша-ақ мезгілінен бұрын жеңіске жетті. 49 келіге дейінгі салмақта Теміртас Жүсіпов Хасанбой Дусматовтан ұтылса, Мейірболат Тоитов пен Асхат Уалиханов та қарсыластарына есе жіберіп алды. Тек төртінші болып шаршы алаңға көтерілген Мейірім Нұрсұлтанов қана қарсыласынан мықты екенін мойындата білді. 75 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз Хуршидбек Норматовты жеңді. Соңғы болып жұдырықтасқан Мұхамеджан Еркін де қарсыласы Мырзабек Хасановқа есе жіберді. Нәтижесінде 4:1 есебімен жеңіске жеткен «Uzbek Tigers» топта екі кездесудің қорытындысы бойынша көш басына шықты.

Айта кетейік, «Astana Arlans» топтағы бірінші кездесуін Әзірбайжанның «Baku Fires» клубына қарсы өткізіп,  4:1 есебімен жеңген болатын.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама