Аргентина екінші турнир қатарынан Америка кубогын жеңіп алды
Майамидегі ойын жоспарланған уақыттан 1 сағат кешігіп басталды. Жанкүйерлердің алаңға кіруі және билетсіз лап қоюы, жергілікті тәртіп сақшыларының жұмысын қиындатты.
Ойынның негізгі уақытында гол соғылмады. Аргентинаға жеңіс сыйлаған голды 112-минутта Лаутаро Мартинес соқты. Осылайша жарыста құрамасына чемпиондық атақ сыйлады және турнирдің үздік сұрмергені атанды.
Аргентина құрамасы екінші турнир қатарынан Америка кубогында чемпион атанды. Олар 2021 жылы да жеңіп алған еді. Осы жарыс тарихында ең көп чемпион атанған (16 рет) құрама болды.
Хамес Родригес – турнирдің үздік ойыншысы.
Эмилиано Мартинес – турнирдің үздік қақпашысы.
Лаутаро Мартинес – турнирдің үздік сұрмергені (5 гол)