Аргентина Америка кубогының финалына шықты (видео)
Бірінші таймда қос команда ойыншылары да ширақ қимылдап, қақпаларына қауіп төндіре білді. Бірінші болып Херардо Мартино командасы сапынан Маркос Рохо есеп ашса, кейіннен Хавьер Пасторе нәтижені еселей түсті. Бірінші тайм аяқталар тұста Лукас Барриос есепті қысқартты.
Екінші таймда Лионель Месси бастаған жігіттер қаһарына мініп, Парагвай құрамасы қақпасына төрт рет доп тоғытты. Анхель Ди Мария дубль авторы атанса, Серхио Агуэро мен Гонсало Игуаин бір-бір голдан еншілеріне жазды. Ал Лионель Месси ұлттық құрама сапында алғаш рет үш нәтижелі пастың авторы атанды.
Айта кетейік, Америка кубогының финалына Аргентинаға дейін Чили құрамасы шыққан болатын. Қос құрама арасындағы шешуші ойын 4 шілде күні Сантьягода өтеді.
Аргентина – Парагвай 6:1
Голдар: Рохо, 15, Пасторе, 27, ди Мария, 47, 53, Агуэро, 80, Игуаин, 83 – Баррьос, 43
Аргентина: Ромеро, Рохо, Отаменди, Демикелис, Сабалета, Пасторе (Банега, 73), Маскерано (Гаго, 77), Билья, Ди Мария, Агуэро (Игуаин, 81), Месси
Парагвай: Вильяр, Пирис, Пабло Агилар, Да Сильва, Бруно Вальдес, Эдгар Бенитес, Ортис, Виктор Касерес, Дерлис Гонсалес (Бобадилья, 27), Санта Крус (Баррьос, 30), Вальдес (Оскар Ромеро, 56)
Ескертулер: Рохо, Билья – Виктор Касерес, Да Сильва, Ортис