Арда Тұран ашуын жеңе алмады (видео)
Арда Тұранның ашуға бой алдырған сәті ойынның екінші таймында орын алды. Дани Алвеспен допқа талас барысында аяқ киімі шешіліп қалған футболшы қарсыласының ереже бұзғанын ескертіп, айып соққысын күткен. Бірақ, қапталдағы төреші бұл қақтығысқа мән бермей, ойынды жалғастыра беруге рұқсат берген. Ызаланған «Атлетико» жартылай қорғаушысы шешіліп қалған аяқ киімін төрешіге қарай лақтырып жіберген. Дәл көздемей лақтырғаны көзге түссе де, сес көрсеткенін анық байқауға болады. Бас қазы Хесус Хиль Мансано футболшыны сары қағазбен жазалады. Егер Арда Тұран мергендігін танытқанда жағдай басқаша өрбитіні ақиқат еді...
Алдағы уақытта Испания корольдік футбол федерациясының тәртіптік-бақылау комитеті бұл оқиғаны қайта қарайтын болады. Егер түрік ойыншысының тәртіпсіздігі расталатын болса, айыппұлмен қоса бірнеше кездесулерден шеттетілетін болады.
Айта кетейік, Мадридте өткен бұл кездесу 2:3 есебімен «Барселона» клубының пайдасына шешілді. «Атлетико» командасы сапынан Фернандо Торрес пен Рауль Гарсия (пенальти) бір-бір реттен мергендігімен танылса, қаталондық клубтың қатарынан Неймар екі гол, ал Миранда өз қақпасына бір доп енгізіп алды.
Сурет: beinsports.tv
Оқи отырыңыз
Арда Тұран 28 жасқа аяқ басты